National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

2022 жылғы 23 маусым

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндалды.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы мен өңдеу секторын дамытуға баса мән беріледі. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі, минералды шикізатты өндіру және өңдеу саласында құны 730,3 миллиард теңге болатын 24 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы ретте 3440 жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі Президентке өңір экономикасын дамыту үшін туризм саласының мол әлеуеті бар екенін айтты. Бүгінде Алакөл көлінің жағалауындағы инфрақұрылымдарды дамытуға, Балқаш көлі бағытындағы жол құрылысына қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Президент облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру маңызды екеніне назар аударды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы өңірдегі суармалы алқаптарды ұлғайтуға бағытталған ирригация жүйелерін жаңарту, қолжетімді баспана құрылысының көлемін арттыру, жолдарды жөндеу, облыстағы елді мекендерді газбен қамту, өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамыту, педагогтар мен дәрігерлердің тапшылығын жою сияқты бірқатар өзекті мәселені шешу қажет екенін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Исабаевқа азаматтардың түйткілді проблемаларын шешу және Жетісу облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту үшін тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің