National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Амаль әл-Кубейсимен телефон арқылы сөйлесті

2019 жылғы 01 сәуір

Әңгімелесу барысында БАӘ Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Амаль әл-Кубейси Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Амаль әл-Кубейсиге құттықтағаны үшін ризашылық айтып, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық қатынастар екі ел игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Біріккен Араб Әмірліктері жағы бастамашы болды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің