National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында екіжақты кездесулер өткізді

2014 жылғы 24 наурыз

 

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен келіссөздер барысында біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық бағдарламалары аясындағы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

Бұған қоса, тараптар саммит жұмысының аралық нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үдерісіне қатысу аспектілерін қозғады.   

***

МАГАТЭ Бас директоры Юкия Аманомен кездесуде Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің күн тәртібіне енгізілген мәселелердің қорытындылары қозғалды.

Әңгімелесу барысында Қазақстанның МАГАТЭ қызметі аясындағы бастамаларына қатысты пікірлер алмасылды.

Сондай-ақ, біздің еліміздің ядролық қауіпсіздік қағидаттарын ілгерілету және ядролық қаруды таратпау үдерісіне қатысу мәселелері талқыланды.

***

Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Наваз Шарифпен кездесу кезінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық салалардағы өзара ықпалдастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін де қозғады.

***

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевпен әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және отын-энергетикалық ынтымақтастықпен қатар, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың негізгі бағыттарына қатысты пікір алмасулар болды.

Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін де қозғады.

Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Алиев өңірлік қауіпсіздіктің жай-күйі мен халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттарын талқылады.  

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің