National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы «Иван Зенченко» ЖШС-не барды

2019 жылғы 17 қыркүйек

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарын Аққайың  ауданы, Рублевка ауылындағы «Иван Зенченко» ЖШС-нен бастады.

Қазақстан Президенті сүтті тағамдар өндіретін ферманың толық айналымдағы жұмысымен  танысып, астық жиналып жатқан егістік алқабын аралап шықты және механизаторлармен әңгімелесті.

Нысанды аралау барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысына өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы баяндады. 

Кәсіпорын директоры Геннадий Зенченко Мемлекет басшысына өндірілетін өнімдер мен өткізу нарығы, соның ішінде тауардың Ресейге экспортқа шығарылуы жөнінде айтты. Ол сондай-ақ компанияның ауылдық округтегі әлеуметтік саланы дамытуға зор көңіл бөліп отырғанын мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның жұмысын мен экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің