Жаңалықтар

28 мамыр 2019
Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін табыс етті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті бауырлас екі халық арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

– Біз – бір-бірімізге жақын, бауырлас халықпыз. Мен Сіздің еліңізді жақсы білемін. Қазақстанның алдағы уақытта да Сізді қолдайтынына сенімдімін, – деді Елбасы.

Сооронбай Жээнбеков жоғары марапат тапсырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Елбасының Орталық Азия халықтарының достығын нығайту ісіндегі ерекше рөлін атап өтті.

– Сіз Түркі әлемінің көшбасшысы саналасыз. Сіз Орталық Азия елдерінің достығын нығайту ісіне зор үлес қостыңыз. Қазақ халқының Тұңғыш Президентінен орден алу мен үшін зор мәртебе. Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қырғыз Республикасының Президенті. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар