Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

18 маусым 2014
ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

 

Отырыста хаттамалық тапсырмалардың орындалуына, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға және одан айыруға, сондай-ақ келіп түскен өтініштерді қарауға қатысты мәселелер қаралды.

Отырысқа қатысушылар шетелдік тағылымдамаға жіберілетін қызметкерлер санатын анықтау жөніндегі функцияны Республикалық комиссияға бекітіп берудің орынды екені туралы шешім қабылдады. Білім және ғылым министрлігіне нормативтік құқықтық базаға қажетті өзгерістерді енгізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.  

Комиссия шешіміне сәйкес, 201 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар